"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№1Егіндікөл орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігі бойынша 2016-2017 оқу жылында атқарылған жұмыстардың жылдық есебі

29.06.2017

№1Егіндікөл орта

мектебінің бастауыш сынып бірлестігі бойынша 2016-2017 оқу жылында атқарылған

жұмыстардың  жылдық есебі

2016-2017 оқу жылында бастауыш сыныптар әдістемелік  бірлестігі «Оқытудың жаңа технологияларын

тиімді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көтере отырып ,

білім сапасын  жоғарылату»  тақырыбында жұмыстар жүргізуде.

Мақсаты:

  Үздіксіз білім алуды қамтамасыз ете отырып ,

өзгермелі әлеуметтік қоғам жағдайына бейімделе алатын , жан –жақты дамыған ,

шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасау.

     Қазіргі заманғы оқыту мен тәрбие үрдісінде көптеген өзгерістер әкелуде. Бұл өзгерістер

әрбір білім мекемесінің, әрбір педагогикалық ұжымының өзіндік келбетін, өзіндік

тәрбиелік жүйесін құру қажеттілігін , мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруын

талап етеді.Мектеп- білімнің қайнар болсақ, білімнің негізгі ірге тасы бастауыш

мектепте қаланады. Бастауыш мектеп- бұл жалпы білім беретін

мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруға

қолайлы жағдай туғызатын негізгі буын. Сондықтан мектептегі тұтас білім сапалы

нәтижеге жету үшін оның бастауыш буынындағы оқу тәрбие үрдісі заман талаптарын

қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастыруы керек. №1Егіндікөл орта мектептің педагогикалық

ұжымы, оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері ҚР «Білім туралы» Заңын ҚР

тұжырымдамасын жүзеге асыру және мектеп жарғысына сәйкес адам өмірімен

денсаулығын қадірлеу және тұлғаның еркін дамуын қалыптастыру.Бастауыш сынып

бірлестігінде 7 мұғалім ұстаздық жолында аянбай еңбек етіп келеді. Оның ішінде

4 мұғалім жоғары білімді. Жоғары санатты -1 , І- санатты – 3 , ІІ – санатты -1

, санатсыз – 2 мұғалім. Әр мұғалімдердің өздерінің әдістемелік тақырыптары

бойынша жұмыс жүргізеді. Тамыз айында ұйымдастыру жұмыстары

жүргізілді. Атап айтсақ жыл басында бірлестікті нормативтік құжаттармен,

әдістемелік құжаттармен,әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды.Жаңа оқу жылына

жасалған жұмыс жоспарлары талқыланып,бекітілді. Әрбір сынып жетекшілер пән

бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспарларын талдап бекітуге ұсынды.Жас

мамандарға тәлімгерлер сайланды.

 Оқу жылының  басында бастауыш сыныпта 103 оқушымен бастап, 105 оқушымен оқу жылын

аяқтадық. Келген оқушылар -6 , кеткен оқушылар -4.  1 - сыныптарда- 33 оқушы, 2-сыныпта -24 оқушы

, 3- сыныпта – 26 оқушы , 4-сыныпта -22 оқушы. Мектепалды даярлық тобында 34

оқушы оқиды. Оқу озаттары – 38 , оқу екпінділері- 29 Бастауыш сыныптың

жылдық білім сапасы 63,2%.   

2016-2017 оқу жылының 14-19 қараша  аралығында бастауыш сыныптар бірлестігінің

әдістемелік күндері «Үш тілде оқыту – заман талабы » тақырыбында өтті.

Мақсаты: Үш тілді білім беру арқылы құзіретті тұлғаны

қалыптастыру.

Биылғы 2016-2017 оқу  жылы бірінші

сыныптықтар жаңартылған бағдарлама бойынша бескүндік білім  беру режиміне

көшті. Бастауыш сыныптардан бастап, үш тіл - қазақ, орыс және ағылшын тілдері

бірдей оқытылады. Сондықтан біз бірлестік мүшелері ақылдаса келе , апталықтың

тақырыбын «Үш тілде- оқыту заман талабы деген тақырыпта алып, әр ұстаз өз  ашық сабақтарын осы мәселе  төңірегінде өткізді.  Әр ұстаз өз іс –тәжірибесінде оқушылардың

интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын оқытудың жаңа технологияларын қолдана

отырып , үш тілде жүргізудің тиімділігі зор екеніне көз жеткізді.

Бірлестік бойынша әдістемелік апталыққа  1-4 сыныптар 7 мұғалімнің

сабақ өткізілуі жоспарланды. Жоспар алдын-ала мектеп басшылығымен бекітілді.

Әрбір пән мұғалімдеріне  жоспар таратылды.

Әрбір мұғалімнің сабақтарына мектеп басшылығы, 

оқу ісінің меңгерушісі, бірлестік жетекшілері және мұғалімдер қатысып

отырды. Сабақтар дер кезінде талданып, мұғалімдерге ұсыныстар мен қорытындылары

жасалып, айтылды. 14.11.2016. күні бірлестіктің ашылу салтанаты өтті. Ашылу

салтанатында оқушылар үш тілде тақпақтарын айтып, сахналық қойылым болды. Онда

Түстер ханшайымы , Дымбілмес және Гномдар келіп , залдағы оқушыларға жұмбақ

жасырып , ойын ойнату арқылы үш тілде сөйлетуге тырысты. Ашылу салтанаты өте

жоғары деңгейде өтті.

 15. 11.16. күні Баязова Г.Ж. 3– сыныпта қазақ тілінен «Тұрлаулы мүшелер»

тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ апталықтың тақырыбы төңірегінде үш

тілділікті енгізе отырып, методикалық жағынан дұрыс құрылған. Өз сабағында

оқйтудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білді. Мұғалімнің дайындаған тапсырмалары

оқушылардың жас ерекшеліктеріне , жеке ерекшеліктері сай дайындаған. Сабаққа

оқушылар белсенділікпен , қызығушылықпен қатысты. Топтық, жұптық жұмыстар

болды. Сонымен қатар биылғы жылы жаңартылған білім мазмұны бойынша курс оқып

келген 1 «а»-1 «ә» сыныптың мұғалімдері Абишева Ж.Б. мен Нұрхамит Н.Н.  сауат ашу пәнінен ашық сабақтарын жоғары

деңгейде өткізді. Сабақтары методикалық жағынан дұрыс құрылған, өте тартымды. Тақырып ашылды,

мақсаты дұрыс қойылған. Сабақ мазмұнды, жүйелі құрылған. Оқушылары сабаққа қызығушылықпен қатысты. Екінші сыныпта Абишева Б.К. әдебиеттік оқу пәнінен «Алатау» тақырыбында өткізілген сабағы топпен, әр-түрлі әдіс-тәсілмен өте тартымды өтті. Оқушылар өздеріне берілген

жұмыстарына жауапкершілікпен қарап,қорғай білді.

Төртінші сынып мұғалімі Абышева А.Ж. дүниетану пәнінен «Минералды сулар»

тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабағы методикалық жағынан дұрыс құрылған.

Сабағында тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.  Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты.

Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі СмагуловаГ.Қ. математика пәнінен

«6 саны және цифры» тақырыбында ашық

сабақ өткізді. Сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалана білді. Балалар

сандарды үш тілде айтуды үйренді. Сабақ көрнекіліктерді ұтымды пайдаланды.

Ашық  сабақтармен 

қатар интеллектуалдық ойындар, спорттық сайыстар, қашықтық олимпиадалар

ұйымдастырылды.

Балтабаева Д.Қ  3-сынып аралығында

«Ұлт болашағы –білімді ұрпақ» тақырыбында 

интеллектуалдық сайыс өткізді. Абишева Б.К. мен Баязова Г.Ж. 2- 3сыныптар аралығында «Білгірлер»

тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізді. Бастауыш сыныптар апталығы өте әсерлі де

қызықты өтті.Апталықтың жабылуында оқушылар мадақтамамен және дипломмен

марапатталды. Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің

өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Барлық өткізілген

ашық сабақтар жаңа технологияны қолдана отырып, әсерлі өтті. Оқушылар пән

бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің

ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген

жетістік деп сенімді  айтуға  тұратын  жайт. Сабақпен қатар бастауыш

сынып оқушылары түрлі сайыстар мен байқауларға қатысып отырды. Дарынды

оқушыларды басты назарға алған ұстаздардың еңбегі ақталды да. Мәселен, Балтабаева

Д.Қ. жетекшілік еткен оқушы Жақсылық Алдияр «Менің сыныбымдағы есімдер сыры»

атты ғылыми- зерттеу жұмысы облыстық «Зерде» ғылыми жұмыстар байқауына өтіп,

сертификат иегери атанды. 3-ыныптың 14 оқушысы «Ақбота» интеллектуалдық марафонына

қатысып, 10 оқушы І- дәрежелі диплом, 3 оқушы ІІ дәрежелі диплом, 1 оқушы ІІІ

дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі Баязова Г.Ж.   2- оқушысы Серік Ақнұр «Адам және табиғат»

Халықаралық байқауында І дәрежелі диплом иеленді .Жетекшісі  Абишева Б.К.Сондай- ақ  бастауыш сынып оқушылары «Кенгуру», «Золотое

руно» «Русский медвежонок» зияткерлік сайыстарына қатысып, сертификат иегерлері

атанды.Даярлық сыныптың тәрбиешісі Смагулова Г.Қ. екі оқушысы Жақсыкелді Сабина

мен Жұмағұл Назира «Адам және табиғат »  Халықаралық байқауына қатысып, І дәрежелі

дипломға ие болды. 1 «а»сыныбының оқушылары Бакен Ж, Жангазиева Б, Нығметолла Г

Республикалық «Қолдан жасалған әшекей бұйымдар» байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі

дипломға ие болды. Бастауыш сынып оқушылары түрлі интернет байқауларға белсене

қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

   Бастауыш сынып мұғалімдері үнемі өз

білімдерін жетілдіріп , курстарға барып тұрады. Осы оқу жылында үш мұғалім

Балтабаева Д.Қ. ,Абишева Б.К. , Бекбаева А.Н. жаңартылған білім мазмұны бойынша

курсқа барып келді.Жас маман Нұрхамит Н.Н. өзін өзі тану пәнінен, даярлық сынып

тәрбиешісі Смагулова Г.Қ. мектепалды даярлық әдістемесі бойынша курстарына

барып сертификат алып келді.Бастауыш сынып мұғалімдері түрлі қашықтық

олимпиада, байқауларға белсене қатысады.Жас маман Нұрхамит Н.Н 7 Халықаралық

инновациялар жәрмеңкесіне қатысып, мадақтамаға ие болды. Жыл бойы

жүргізілген жұмыс баршылық, дегенмен алда әлі талай істер күтуде.

 

 

Ақпарлама дайындаған бастауыш сынып бірлестік жетекшісі: Г.Ж. Баязова







 

 

Просмотров: 477


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст