"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016 -2017 оқу жылындағы Мектептегі өзін-өзі басқару бөлімінің жұмыс жасалу жылдық есебі

30.06.2017

№ 1 Егіндікөл орта мектебі

 

 

 

 

 

 

2016 -2017 оқу

жылындағы

Мектептегі

өзін-өзі басқару бөлімінің жұмыс жасалу жылдық есебі

 

 

Дайындаған: аға тәлімгер Асылбекова Баян

 

 

 

 

 

 2016-2017 оқу жылы

Мектептегі

өзін-өзі басқару бөлімінің жұмыс жасалуы есебі

               Мектепте оқу жылынан бастап,

төрт ұйым жұмыс жасап жатыр: «Жас Ұлан», «Жас қыран», «Инабат» қыздар клубы,

«Бүркіт» ұлдар клубы. Қыркүйекте ұйым мүшелерімен бірігіп, жылдық жұмыс жоспары

құрылды, бекітілді. Ұйым мүшелері тағайындалды. «Басшысы жақсы – ел озар»

демекші, осы айда президенттік сайлау өткізілді. Онда 10-сынып оқушысы Смағұл

Аяужан жоғары ұпай жинап, президент атанды. Қыркүйек айында «Жас Ұлан» ұйымының

президенті мен министрлері  «Біз

жемқорлыққа қарсымыз» атты суреттер сайысын өткізді. Қауіпсіздікке байланысты

мектеп президенті мен министрлері «Қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығы» атты

жастардан флеш моб ұйымдастырған болса, аға тәлімгер мен Жұмат Өмірзақ ағаймен

бірігіп «Сенің мектепке жолың» атты дөңгелек үстел өткізді. Онда балаларға жол

қауіпсіздігі туралы айтылды, біраз сұрақтар қойылып келіспеушілік жақтары пайда

болды, соңында «Жол қауіпсіздігін сақтайық!» нұсқаларымен оқушыларға брошюралар

таратылды. Қазан айында да мектеп ұйымдары көптеген іс-шаралар жасады. Оның ішінде

Ұстаз күніне байланысты 11-сынып оқушыларымен бірігіп шағын концерт

ұйымдастырса, министрлер әлеуметтік педагогпен аз қаржыландырылған және көп

балалы жанұяларға жәрдем беру ниетімен жағдайы жақсы адамдар қол ұшын беріп,

балалардан көмегін аямайтын жандармен тілдесіп, мектептің балаларына біраз

көмек көрсетілді. Сол айда «Қарттар – асыл қазынам» атты тақырыбымен «Ғибрат»

әжелер ұйымын арнайы мектепке шақырып, жақсы әңгіме мен насихаттар тыңдаумен

қатар, балалардың сұрақтарына жауап беріп, дөңгелек үстел ән шашумен аяқталды.

«Сарала күз келдің бе?» атты мерекелік концертке ұлдар және қыздар клубы ат

салысып, қатысты. Мектеп президенті және спорт министрі  «Салауатты өмір салтын ұсынамыз» атты

спорттық іс-шара ұйымдастырды. Желтоқсан айында көптеген іс-шараларға

белсене қатыстық. Оның ішінде атап айтсақ Жаңа жыл мерексіне барлық клубтың

мүшелері ат салысып, ертегі қойылымын қойды.

Аға тәлімгер мен «Бүркіт» ұлдар клубының көмегімен қараша айында бірігіп

өткізген «Имандылық жүрегіңе ұялатқан» атты 5-6 сынып арасында әдеби лирикалық

кеш өтті, кеңестер таратылды, сұрақтар талқыланды. Кештің соңы жақсы әуенмен

қорытындыланды. Ал, «Инабат» қыздар клубымен қоса

өткізген «Қызға – қырық үйден тыйым» атты қыздар арасында сырласу кеші

өткізілді. Жетекшісі Смагулова Гүлден апайымыз бастаған, аға тәлімгер мен оның

мүшелері қостаған іс-шара ойдағыдай өтті. Пайдалы кеңестер беріліп, ситуациялық

сұрақтарға өз ойларын жеткізе білген қыздарға қырық кеңесті де талқылап, біраз

қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойларына сіңірген секілді. «Есірткіге қарсы

күрес» мақсатында мектеп дәрігері Жилқайдарова Айгүлмен кездесу өткізілді.

Балаларға баяндама оқытылды және сұрақтарға жауап беріліп, біраз талқыланды.

Қаңтар айында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты 5-6

сыныптар аралығында интеллектуалдық сайыс аға тәлімгердің қолдауымен мектеп

президентіміз өткізді. Белсенділік танытқан үшін марапаттаулар берілді. Сонымен

қатар ұлдар ұйымымен бірігіп, «Тапқыр достар» атты сайыс өтілді. Жемқорлыққа

байланысты «Адал ұрпақ» атты тақырыбымен 7-10 сыныптар арасында КТК ойыны

ұйымдастырылды. Жүлделі орындар болды, марапатталды. Арнайы мектебімізге мешіт

имамын шақырып «Бүркіт» ұлдар ұйымы жоғарғы сыныптардың ұлдарымен пікірталас

өткізілді. Ұлдар қауымы ашылып, сұрақтар қойылды. Смағұл Аяужан мен аға тәлімгер

Асылбекова Баян ақпан айында «Мектеп үздігі» атты зияткерлік сайыс өткізді,

барлық оқушылар белсене қатысты. Талаптары: күнделігі таза, бағалары ыңғи 4 пен

5, тәртібі жақсы деген оқушылар жарысқа алынды.Балл жүйесі бойынша жүлдегерлер

іріктеліп, «Мектеп үздігі» атты атқа ие болып, мараппатталды. Осы кезде Алек

Хасен бастауымен «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» сайысын Нурлан мен

Гүлжанның қостауымен өткізді. Сайыста логикалық сұрақтар, мақал-мәтелдер,өз

өнерлерін тамашалады. Тағы да осы ақпан айында «Инабат» қыздар клубының

жетекшісі Смагулова Гүлден апайымыз қыздармен «Қызға-нәзіктік, Ұлға- батылдық»

атты сұрақ-жауап әдісімен жасалған дөңгелек ұстел өткізді. Сондай-ақ аудандық жарыстарға да белсене

қатысып, жыл сайын жүлделі орындарға ие болып жүрміз! Мектеп

газеті «Тарлан» ары қарай жалғаса берді. Оған барлық ұйым мүшелері әр айда өз

мақалаларын жазып, кішкентай бүлдіршіндеріміздің өлең-шумақтарымен нұрландырып,

мектептің осы күнге дейін қызықты және қуанышты сәттерін жариялап келді.

Наурыз айында ең төл мерекелердің бірі –

8-Наурыз қарсаңында қыздар және ұлдар клубының мүшелері бірігіп, «Аяулы әже,

ардақты ана, ару қыз» атты дөңгелек үстел өткізді. Оған «Ғибрат» әжелер квартеті

арнайы қонаққа шақырылды. Соңында концертпен жалғасын тапты. Мектептегі

ұстаздар мен аналарды да мерекелерімен арнайы концертпен құттықтады.

Сәуір айында аға тәлімгер мен мәдениет

министрі бастауыш сыныптармен «Құстар –біздің досымыз»  атты сурет сайысын өткізіп, ең үздік деген

суреттерді мараппаттады.  «Инабат»

клубының жетекшісі мен мектеп психологымен бірлесіп, «Жаны сұлудың – тәні сұлу»

атты труенинг өткізді. Мамыр айында өткізілген көптеген мерекелерге қыздар мен

ұлдар клубының мүшелеріАлдағы айларда да көптеген іс-шараларымыз бар, барлық

ұйым мүшелері бір отбасындай өткіземіз деген ойдамыз!

 

Просмотров: 701


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст