Сыныбы:1«Ә»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік:. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін
арттыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды
өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, ҚР рәміздері туралы
түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың
белсенділіктерін,қызығушылықтарын
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға
патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын
оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ
–жауап, баяндау, түсіндіру.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, ЭКСПО 2017 – «Болашақ көрмесі» ,
мақаал – мәтелдер, кітап көрмесі.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 1- қыркүейек
«Білім күні» және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай»
біз сіздермен «Мен өз Отанымның патроитымын тақырыбында» ашық
тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан– бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді .Біз Отанымызды, елімізді
сүйеміз. Біз,
Қазақстанның патриотымыз!
Қанеки балалар, Отан деген сөздің мағынасын кім қалай түсіндіреді? ( оқушылардың жауаптары
тыңдалады) - Біздің Отанымыз қалай аталады? - Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? - Қазақстан Республикасының президенті кім?
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар
бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді.
Қазақстан жер көлемі
бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана,
Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз,
Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана - Отанымыздың бас қаласы,
астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел
біледі. Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР
тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа
конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын
мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қ ыранбейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз,қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді. -
Балалар, біз Елтаңба туралы қандай тақпақтар білеміз?
Елтаңбасыелімнің, Неткен әйбәт, әдемі Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі. ез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Әнұран . Әнұран мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Балалар, осы біздің
еліміздің әнұранына байланысты барлығымыз хормен мына өлең жолдарын қайталап айтып өтейікші.
Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол — тынысы
Кең жазира даламның. Балалар тақтада тұрған мақал – мәтелдерге тоқталып өтейікші. Бұл мақал – мәтелдер сендерге
таныс па? Бұл мақал – мәтелдерде не туралы айтылған екен.
3.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
Отан от басынан басталады.
Мұғалім: —Балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін
қандай бала болуымыз керек?
Білімді
Өнерлі
Ақылды
Еңбексүйгіш
Тәртіпті
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Бәрі: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Ән : «Достық ».
1.Ортақ мекен –жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. 2 рет
2.Ортақ бізге бір Отан,
Ортақжердің байлығы.
Еңбек ортақ,жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы. 2 рет
3.Туыспыз біз бәріміз.
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң.
Бақытты өмір сүреміз. 2рет
Қорытынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз
еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете
білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың
бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ,
еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана
тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата
заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай,
қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат
болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!