"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

География сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімді жолдары

20.09.2017

География  сабақтарында  жаңа  технологияларды  қолданудың 

тиімді  жолдары

 

     Бүгінгі  таңдағы педагогикалық саладағы жаңалықтардың  бірі  - оқытудың іс- тәжірбиесіне  жаңа  әдіс –тәсілдерді енгізу болып  табылады. «Жаңа  форматтағы біліктілікті  артыру»  курсының  да  мақсаты  осыны көздеиді. Бастысы   ол  өзгерістер мұғалімге  де,  оқушы үшін  де оң  нәтиже беруі  тиіс. Үшінші  негізгі деңгейдің  курсын аяқтағалы  бері  өзімнің алдымда  тұрған  жаңа білім  реформасының  қатысушысы ретінде жауапкершілігімнің  жоғарлағанын түсіндім.

Қазіргі  таңда  менің алдымда  тұрған  үлкен міндет – оқытудың  жаңа  технологияларын  қолдана отырып, саналы, салауатты, жан –жақты дамыған,  рухани  бай заман  талабын  орындай білетін тұлғаны  тәрбиелеп  дамыту. Қазіргі  таңда  білім беру  ісінде  талап деңгейнен  шығу  мұғалімнің  іздену  шеберлігіне  тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға  білім  берумен бірге  оны  білікті түрде қолдана  алуына, оны дағдыға  жеткізіп қана  қоймай  баланың ақыл –ойын, қабілетін  дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым  жасайалуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық  әдістері  баланы дамытуға  бағытталған. Дегенмен  осы кезге  дейінгі  дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің  пікірін нысана  етумен шектелеп келеді.  Ал бүгінгі  оқыту оқушы  қабілеті, оны жан –жақты дамыту, адам әрекеттерін ұйымдастырудың  қажеттігін  дәлелдеп отыр. Көрнекті  педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері  оқыту барысында  іске  асатынын дәлелдей  келіп,  бала дамуының  екі  түрлі ортасы   болатыны  жайында теория  ұсынады. Бірінші ортасы – айналасындағы  үлкендердің  әсері, қабілетінше  еркін атқара  алатын  іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ сабақ үстіндегі  әрекеті. Албіздің  негізгі  мақсатымыз - баланың  сабақ үстіндегі  оқі –әрекетін тиімді  әрі қызықты болатындай  етіп  ұйымдастыру, әрекет  нәтижесін байқау, бағалау және  соның нәтижесінде алдағы  жұмыстарды жоспарлау  болып  табылады. Оқитын пән  қаншалықты бағалы болса  да, мұғалімнің  шеберлігі қандай  жоғары  болса да,  мұғалім  оқушының өз белсенділігін туғыза  алмаса, берген  білім, күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.   Жаңа  белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Міне сондықтан  Кембридж  тәсілдерін сабақта  қолданудың  маңызы зор. Осы  жеті  модульді білім  беруден  тиімді пайдалануда, дәстүрлі сабақта пайдаланатын  жұмыс  түрлеріне қарағанда топпен  жргізілетін  жұмыс түрі оңтайлы  нәтиже  береді. Ұйымдастыруда   алғашқы  қадам оқушыларды  топқа бейімдей  отырып, сыныпта психологиялық ахуалды   қалыптастырубағытында  болуы  керек. Сондықтан  оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрілі психологиялық  тренгтер өткізіп, сабаққа қатысты  топтастыру  жүргізуге болады.

Мен  өз  тәжірибеме  келетін болсам , сабақтарымда  сыни  тұрғысынан ойлау, АКТ модульдерін  жиі қолданамын. Ал  мектепте алған  білімді  оқушылардың қолдана  білуін,  өмірмен байланыстыра  алуын  жүзеге асыру көп  жұмыстануды  қажет етеді. Мектептегі  сабақ  беру кезіндегі  іс-тәжірибеме   өзерістер енгізу  арқылы өзімді де, оқушыларды  да өзгерте  алдым  дей аламын. Өзгеріс  дегеніміз –жаңа  әдіс -тәсілдерді  енгізу. Өз  тижірибеме  енгізген  жаңа  тәсілдің бірі – тренинг оқушы  назарын  жаңа сабаққа  аударуда,қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастық  қалыптастыруда  маңызды тәсіл. Сабақтарымда  осындай  тренингтерді өткізу оқушыларға жағымды,   оң  әсер береді,  және  ең бастысы  олардың  қызығушылықтары  оянды.   Топтық   жұмыс  - бұрын сабақтарда  көп  қолданбаған тәсілдердің  бірі.топтық  жұмыс біріншіден, оқушыларға  бірігіп жұмыс  істеу мүмкіндігін  тудырса, екіншіден   ұйымшылдыққа  тәрбиелейді, бірін –бірі  оқытуда, бірінен  -бірі  үйренуге жағдай  жасайды және  көшбасшысын анықтауға  мүмкіндік береді.

Ал  сыни  тұрғысынан ойлау –креативті  тұлғаны  қалыптастырудың  бір жолы. СТО-ды  ойлануды дамыту   бағдарламасы – әлемнің  түпкір –түпкірінен  жиылған білім  берушілердің  бірлескен еңбегінің   нәтижесі.

  Сондықтан  да мен бұл бағдарламаны  барлық  ұстаздар меңгеріп,  барлық  мектептерде қолдау  тауып,  тиімді қолданылуы  керек  деп ойлаймын.

                                           

 

Галамхан Жупаргуль

№1 Егіндікөл орта 

мектебінің

География 

пәнінің  мұғалімі

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст