"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

20.09.2017

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУКЦИОНАЛДЫҚ

САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Куатова Г. К,

химия пәнінің мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы

№1 Егіндікөл орта мектебі

Қазір дүниежүзілік білім беру жүйесіндегідей Қазақстан мектептері алдында да жаңа көзқарастарды анықтау, зерттеулер арқылы қол жеткізген жаңа бағыттарды қабылдау, ойлау жүйесіндегі әдістерді пысықтап қайта қарау тұр. Сондай-ақ, білім жүйесіндегі өзекті мәселеелердің бірі – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту болып отыр. [1]

Елбасы

бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы мақсат жалпы білім беретін мектептерде қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік

-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдау алу

- өз кәсібін дұрыс таңдай алу

- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту және жаңғырту мүмкін болып отыр» - делінген. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық орынға шығып, 2020 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық деңгейде нәтиже беретінін айқындайды. Сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жж арналған, Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру PISA халықаралық зерттеулері аясында өткізілетін

оқушылардың ғылыми- жаратылыстану фукционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда.

Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Ғылыми танымның маңыздылығы, жаратылыстану бойынша жетістікте өзін-өзі бағалау ғылымға ықылас пен қызығушылығын дамыту болып табылады, Аталған 4 бөлікті қамтыған жағдайда ғана оқушылар жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге ие болатыны сөзсіз. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын оқыту мазмұны төмендегідей мамандықтарға жоғары сынып оқушыларын бейімдеуге икемделеді: химия, химиялық технология және өндіріс, тұрмыстық химия, экологиялық химия, медицина және фармакология негіздері, табиғи ресурстарды қорғау, нанотенология бағыттары бойынша бейіналды және дайындау. Оқушының PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын орындаудағы функционалдық сауаттылығы оның берілген тапсымаларын орындаудағы берілген сызбаларды салыстыруы, өзінің ойындағы түсінік, болжам, пікірлерін жүйелі жеткізе білуі мен логикалық ойлана отырып, сыни көзқарас қалыптастыруына жетеледі.

 

Жаратылыстану пәндері бойынша PISA тесттер мына бағыттарды қарастырады: Денсаулық «Пайдалы вибрациялар», «Сүт», «Антибиотиктер», «Денешынықтыру жаттығулары», «Мәри Монтегю». Табиғи ресурстар « Жер бетіндегі ауа температурасы», «Күн батареялары», «Сүттегі бактериялар». Қоршаған орта «Пингвиндер аралы»,

«Жасыл саябақ», «Түрік климаттар». «Қауіпті апат түрлері», «Жер бетіндегі ауа температурасы», «Жер бетіндегі табиғи апаттар», «Орман өрттер».

Жаратылыстану мен технология байланысы «Қасық», «Пластик ғасыры», «Қауіпсіздік жастықтары», «Ашық алаңда

тағамды дайындау», «Динозаврлардың жойылуы».Жаратылыстану бағытындағы PISA зерттеулерінің Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін орта мектебінің 8-9 сыныбында оқушыларымыздың дайындық деңгейлері әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін, 6 деңгейлі құрылымын айқындайтын оқушының білім, білік, дағдырылары

ерекшеліктеріне сәйкестендіріп тест тапсырмаларын құрастыру және шешу жолдарын ұсыну басты идеяларын бірі екенін атап өткен жөн.

Егер оқушылардың белгілі бір тапсырмаларды ой елегінен өткізуге ықпал ететін, осы жағдай проблемаларын

зерттеуге және одан шығу жолдарын көрсететін жаңа мәтіндермен тапсырмалар құрастырылса, онда жаратылыстану пәндері бойынша ғылыми концепцияны түсіну, білу, жеке шешім қабылдай алу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді тұлға қалыптасады.

Қандай дарынды бала болмасын, оның барлығы өз бетімен ғылыми жұмыс жазуға, зерттеу ізденіске бара алмайды. Ол үшін ұстаздың ақыл-кеңесі ауадай қажет. Қазіргі кезде мектеп оқушылары кітапты оқуға қызығушылығы аз екенін және интернет,телефонмен отырғанды ұнататыны көпшілікке мәлім және заман талабы.Осыған орай, Егіндікөл ауданындағы №1 орта мектебінің математика және жаратылыстану пәндер мұғалімдері өз іс- тәжірибелерінде PISA

тапсырмаларын орындатуды дағдыға айналдыра бастады. Осы іс- тәжірибелерін өзара бөлісу мақсатында, осы жылдың қаңтар айының 20 күні облыстық онлайн-семинар өткізілді. Осы өткізілген семинардың үлгісі төменде келтірілген.

Семинар тақырыбы: жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын

қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылық тұлғаны әлеуметтік ортамен еркін қарым-қатынас жасай алу қабілеті мен дағдысы.

Түсініктеме: Тұлғаның сыртқы факторлармен қатынас жасай алу қабілеті Білім, білік, дағдының жиынтығы.

Сыртқы ортаға бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші

Параметрлері: белсенділік, шығармашылық, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу, бейімделу. Осы семинарда болған пәндерден тапсырмалар үзіндісі төменде келтірілген.

География:

№1 тапсырма

Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның қысымы биіктік бойынша өзгереді. Асқар ата-анасымен Астана қаласына ұшақпен баруды жөн көрді. Ұшақ әуежайдан көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм хабарлады. Ұшақ 5000 м биіктікке көтерілгенде Асқар ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады. Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және

қорытынды шағарыңыз.

Әрбір пайымдауда «Иә»немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. Жер бетіндегі ауа қысымы 750 мм, 5000 м биіктіктегі ұшақ сыртындағы ауа қысымын анықтау арқылы келесі қорытындалардың қайсысын дұрыс деуге юолады ? Иә немесе Жоқ 250 мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді. Иә/Жоқ 250 мм, биіктік артқан сайын қысым өзгермейді. Иә/Жоқ 250 мм, биіктік артқан сайын қысым артады. Иә/Жоқ

Жауабы: 250 мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді.

Физика

№1 тапсырма

Жүгіруге, әлде жүруме ? Сіз қалайойлайсыз-жүгіру мен жүрудің қандай айырмашылығы бар ? Осы сұраққа жауап бермесбұрын, есіңізге түсіріңіз, жүгіру жүруден де баяу болуы мүмкін және бір орындатұрып жүгіру деген де болады.

№2тапсырма

Тарақтағы искралар. Құрғақ шаштыкезейін тарақпен тарғанда тарақ пен шаш арасында электрлік искралар пайда

болады. Қалай ойлайсыңдар, осы искралардың қуаты қандай ?

Химия: №1-тапсырма «Емші мысық»

Балалар сіздер бала кезден білесіздер үй жануарлар ит пен мысық бір-біріне үйір. Олар ылғида ойнап, қуысып жүреді. Иттің тістелеп, желкесінен лақтырып ойнап жүргенін көрдіңіз бе? Әрине, қыр

соңынан қалмай тістелеп лақтырғыштап жатады.

Сұрақ: Ит мысықты неге тістелейді? Неге өш?

№2-тапсырма «Құмырсқаның илеуі»

Мамырда жай орманда құмырсқалар илеу салатынын білеміз. Тіпті, құмырсқалар ауладағы топырағы құнарлы жайқалып, жайнаған бақ ағаштарының арасында, ондағы үйінді төбешіктерге де илеу салады. Үй тауықтар мен құстардың құмырсқа илеуіне шомылып, бауырын төсеп аунап жатқанын көрдіңіз бе?

Сұрақ: Құмырсқа

илеуіне құстар неге шомылады?

Сұрақ: Құстар

құмырсқа илеуіне шомылғанда дертіне шипа болған қандай зат деп ойлайсыз? [3] №

Құстар

дертіне шипа болған қандай зат?

иә

немеесе жоқ

1

нафталин

ие/жоқ

2

хлорамин

ие/жоқ

3

сірке қышқылы

ие/жоқ

4

құмырсқа қышқылы

ие/жоқ

 

Просмотров: 729


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст