"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарабоз

24.10.2017

Сабақтың тақырыбы: Дарабоз

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: барлық пәндер бойынша өтілген тақырыптардан алған білімдерін тексеру, пысықтау.

дамытушылығы: оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

тәрбиелігі: оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма.

Көрнекілігі: жоспары, нақыл сөздер, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

- Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! ХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры екені аян. Бәсеке қабілетті елу елдің қатарына жету үшін жастар білімді болуы керек. Бүгінгі біздің «Бастауыш сынып дарабозы» атты сайысқа оқушыларымыз алған білімдерін ортаға салады, яғни болашаққа деген сенімімізді білдіреміз.


Кезеңдермен танысайық:

1. «Кім көп біледі?»

2. «тапқырлық»

3. «ата - салтың – халықтық қалпың»

4. «көріп алда, біліп ал»


Ойын: «Менің есімім»

Есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып, өздерін таныстырады. Енді бір - біріне жақсы сөздер айтады.

Достығы жарасқан

Сыйлы біз боламыз

Келісіп бәрімен

Татулық табамыз

Бәріміз бір болсақ

Бәрінде жеңеміз

Күндей боп күлімдеп

Таудай боп өсеміз.


І кезең.

1 - топ.

1. Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан

кім?

2. Табиғатты жырлаған ұлы ақын кім?

3. Аңыз дегеніміз не?

4. Қазыбек би қандай шешендік сөзді айтты?

2 - топ.

1. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу

құралын жазған кім?

2. Абай ата сөзі.

3. Үш биді ата?

4. Әйтеке би қандай бата берді?


II кезең 1. сұрақ - жауап, неше сағат бар?

2. 1 - сағатта қанша минут бар?

3. 1дм = неше см бар?

4. 1м = неше дм бар?

5. 80 мен 50 қосындысы

6. 13 пен 5 - тің айырмасы


ІІІ кезең.

1. Сөйлем неден құралады?

2. Мәтіннің неше түрі бар?

3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

4. Мәтін дегеніміз не?

5. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.

6. Сөйлемнің түрлерін ата.

7. Қандай тыныс белгілерін білесіңдер?

8. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?


IV кезең.

1. Аппақ су – дәмі тәтті, ішсең сусын қандырады,

шөлдегенде қатты, бұл не?

2. Сүттен жасалған тамақтың түрі.

3. Әжем уыстан сығып далада кептірген, қатты әрі

дәмді, кім бар жеп көрген?

4. Мал төлдеп, әр ауыл пісірді ақ бауыр, бұл не?


V кезең.

Геометриялық фигуралардан сурет құрастыр.

Қорытынды: жеңген топты марапаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 Егіндікөл орта мектебі

 

 

 

 

Сайыс сабақ

«Дарабоз»

3

сынып

Дайындаған:Абишева

Б.К

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст