"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік ұсыныс «Мұз қатуы кезіндегі балалар және оқушылардың мұз үстінде қайғылы жағдайлардан ескерту Ережесі»

01.11.2017

Әдістемелік ұсыныс «Мұз қатуы кезіндегі балалар және

оқушылардың мұз үстінде қайғылы жағдайлардан ескерту Ережесі»

         Күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Балалар коньки киіп, бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытады. Бірақ тоған, өзен, көл бетіне шығуға асығуға болмайды. Бірінші мұз өте қауіпті. Біздің облыста қараша-желтоқсан айларында мұз қата бастайды. Мұзтбұл кезде жұқа, ауырды көтере алмайды, абайламасаң бұл қайғылы жағдайға әкеліп соғады.

Есте сақтаңыздар! Балаларда тәжірибе жоқ, қауіпсіздік шараларын білмейді, өйткені әуестік сезімінен қауіпсіздік сезімі төмен, мұз үстіндегі ережені толық білмейді, сол себептен тез қайғыға ұшырайды, кейде өмірімен қоштасады.

         Қайғылы оқиға болддырмау үшін, балаларға қамқорлық білдіріңізлдер! Балалардың өмірін сақтаныздар! Тек мұз үстінде болудың ережесін сақтап қана, қайғылы жағдайдан сақтануға болады.

 

Тыйым салынады:

v  Қалыңдығы 7 сантимтрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;

v Дұрыс қатпаған, бетін қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға;

v Мұз үстіндегі білмейтін жерлерге жаға-жайдағы жардан сырғанап түсуге;

v Тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;

v Мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;

v Мұздың қалыңдығы 25 см-ден аспайтын болса, мұз айдынын жасауға;

v Егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға, әсіресе түнгі уақыттарда.

 

Балалар!

Мұз қатар кезінде су айдындарында сақ болындар!

Жұқа мұздың үстінде шаңғы және коньки теппеңдер!

Өмірлеріне қауіп төндірмеңдер!

Жұқа, толық қатпаған мұз үстіне шықпаңдар.

 

 

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст