"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар және мұғалімдерге!

01.11.2017

Ата-аналар және мұғалімдерге!

         Балаларды қатаң бақылаңыздар. Мұз қатқан кезде су айдындарына балаларды ересектердің бақылауынсыз жібермеңіздер. Оларды жаға-жайда бақылаусыз қалдырмаңыздар. Қатпаған мұздың үстінде конькимен сырғанауға, шаңғы тебуге және биік жародан мұз үстіне сырғанап түсуге рұқсат етпеңіздер. Су айдындарында мұз үстінен өткенде қандай қауіпке ұшырайтындарын қатал ескертіңіздер.

          Мұз қатқан кезде балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріңізде. Мұз үстінде ойын әлде жарыс өткізер алдында, оның мықтылығын тексеріңіздер.

         Ескертеміз, жасыл түсті мұз мықты болып есептеледі, қалыңдығы 12 см-ден кем емес, бұлыңғыр ақ мұз мықты емес. Көпшілік боп коньки тебу, мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмағанда рұқсат етіледі. Мұз қатардың алдында балалармен «Мұз қатар уақытында сақ болыңыздар!» атты әңгіме және викторина өткізіңіздер.

«ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы төтенше жағдайлар Департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ тағы да ата-аналарға, тәрбиешілерге және ұстаздарға үндеу жолдайды, мұз қатқан кезде төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау шараларын тек қана бірігіп жүргізген кезде ғана балалар мен оқушыларды дер кезінде бақытсыз жағдайлардан сақтап қалатындығымызды ескертеді.

 

 

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст