"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл дарын» атты облыстық шығармашылық жобалар байқауы

01.11.2017

«Тіл дарын» атты облыстықшығармашылық жобалар байқауы

 

29-31 қазан аралығында Көкшетау қаласында   2-11 сынып оқушылары арасындағы «Тіл дарын» өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында қазақ тілінен  облыстық шығармашылық жобалар байқауы өтті. Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өтті.  Байқау ұйымдастырушысы- Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы». Шараның басты мақсаты өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. «Тіл дарын» байқауында балалар өздерінің тәжірибелік, зерттеушілік, аналитикалық, тарихи және өнертапқыштық бағыттағы шығармашылық жобаларын ұсынды. Бұл жобалар байқауына ауданымыздан 6 оқушы қатысты. «№1 Егіндікөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  7 сынып оқушысы Шаповал Милана (жетекшісі Калиева С.Г.) ІІ дәрежелі дипломмен және 90 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Миланаға алдағы уақытта биіктерден көрініп, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.

 

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст