"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер

07.11.2017

Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру,заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру; Сөздік қорын,логикалық ойлауын дамыту;эстетикалық,экологиялық тәрбие беру;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба,жеке сюжетті суреттер,карточкалар.

Психологиялық икем

Қайырлы таң-Алтын күн

Қайырлы таң көк аспан

Қайырлы таң апайлар

Қайырлы таң достарым

Сабақтың барысы:

І. Оқушының қызығушылығын ояту:

Төменде берілген сөздерді заттың сынын білдіретін сөздермен толықтыру.

......доп,.......қыз,.......гүл,

......сағат,....алма,.....сақал

 

- Сонымен заттың сынын түрін,түсін білдіретін сөздер туралы ойымызды жинақтап,сызбаға түсірейік.

Заттың сынын білдіретін сөздер

 

1.Су көлігі? (кеме)

2.Жазда сылдыр қағады,

  Қыста тыным табады. (Өзен)

3.Тәтті,тәттінің іші қатты,

   Қаттының іші тәтті,   (өрік)

4.Тілдерімен жүреді,

   Уақытты біледі.  (сағат)

5.Иесі оның сәби,

    Әрі төсек,

    Әрі үй.   (Бесік)

6.Торын құрып қояды,

   Шыбындарды жояды.   (өрмекші)

- Балалар   «КӨКТЕМ» дегенде  сендердің көз алдарына не елестейді?(Оқушылардың ойын тыңдау)

- Ал ендеше оқулықтың 261-жаттығуына назар аударайық.

1. Ертегіні мұғалімнің мәнерлеп қуы.

2. Оқушылардың кезектесіп оқуы.

3. Ертегі мазмұнына  байланысты сұрақтар:

-- Арыстан аңдарға қандай сұрақ қойды?

-- Аңдар арыстанның сұрағына қалай жауып берді?

-- Сеніңше,көктем сәні неде?

-- Аңдар бұлғынның сөзіне неге риза болды?

-- Қарамен жазылған сөздер нені білдіреді,оларға сұрақ қой?

Заттың сынын,түрін,түсін білдіретін сөздерге қандай?қай? деген сұрақтар қойылады.Мысалы:ақ,әдемі,аласа,тар,өткір.

 

 

 

 

 

 

4. Сөздік жұмысы:

кешеуілдеп – кешігіп

жар салдыр – хабарла

жігер – күш-қуат

іркіліп - тоқтап

оқты көзін – жақтырмай қарау

 

-  Балалар осы ертегіні сендер сахыналап көрсете аласыңдар ма?(Ертегіні сахыналау)

Ережені дауыстап оқу

 

Сәйкестендіру тесті.

Төменде берілген сөздердің сынын білдіретін тиісті сөздерін сәйкестендіру.

                        Ыстық                                     қар

                        Тәтті                                        тау

                        Биік                                          алма

                        Ақ                                            жаз

Сергіту сәті:

Ал енді біз тұрамыз ,                                 Ашамыз да жұмамыз,

Алақанды ұрамыз.                                        Ашамыз да жұмамыз,

Апа ,ата,ағалап,                                          Алақанды ашамыз,

Тағы,тағы ұрамыз.                                      Қосамыз да ашамыз

Саусақтарды санаймыз,                              Ашамыз да  қосамыз

Алақанды қараймыз.                                   Күн көзіне тосамыз.

 

263-жаттығу

Ойынның аты : «Сиқырлы зат»

Ойынның шарты: Балалар үш топқа бөлінеді.Сандықтың ішінде белгісіз заттың сынын білдіретін сөздер жазылған карточкалар беріледі.

 

1.  . 

.  .  . 

.  – аппақ,суық (қар)

2. .  .  . 

.  .  – түзу,ұзын (ағаш)

3.  . 

.  .  . 

–  домалақ,тәтті (алма)

 

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

 

Шығырмашылық диктант

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра

І-топ                                                                            ІІ- топ

Айнұр,қызыл,алды,көйлек                       Арман,жеді,алма, қызыл

Тәртіпті,Қанат,оқушы                              Көк,алды,Қанат,қарындаш

 

Ойын: «Адасқан әріптер»    

    р,қ,а   (қар)

    а,л,а,қ (қала)

    к,е,м,п,т,е (мектеп)

     л,а,б,а (бала)

 Қорытынды:Топтастыру

 

                                           

К Ө К Т Е М

 

Бағалау: Жүйрік екен аты

                Аяңдамай желеді

                «5» қоямын оған мен

                1-ші орында келеді

 

         Білмей қалған жерлерін

         Мықтап мыйға тоғиды

         Бүгін 4 ке оқыса

         Ертең 5 ке оқиды

Просмотров: 664


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст