"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік ережесі!!!

17.11.2017

Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік ережесі!!!

Сабақтың мақсаты: 

     Білімділік: оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

    Дамытушылық: жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту;

    Тәрбиелік: жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, қосымша сабақ «Жолда жүру ережесі».

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілерінің суреттері, ойын құралдары, «Жолда жүру ережесі», т. б.

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық дайындық:

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Жиынымыз басталсын сәлемменен. (Хормен сәлемдесу)

            Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік ережесі !!!»  атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

-        Балалар, өткен сабақта айтылған ереже талаптарын есте сақтау үшін сендерге сұрақтар қоямын.

1.    Жаға жол қайда болады?

2.    «Жаяулар өтетін» жерде қандлай белгі болады?

3.     Не себептен сол жерден ғана отыруымыз керек?

4.    Белгі болмаса не істеуіміз керек?

5.    Жолда жүру ережелеріне қатысты қандай ойындарды білесің?

6.    Жол үсті неге қауіпті?

 

Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса, қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.

 

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым. (жол)

 

2-жұмбақ: Бір тұлпар,

су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап

тез жөндейді. (трамвай)

 

3-жұмбақ: Бұйырмапты

бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар

бірақ та. (бағдаршам)

 

-       Ал, енді құремтті оқушылар жолда жүру ережесіне байланст бейнебаянд көріп алайық.

Барлығымыз зер салып тыңдап, көрейік. Викториналық сұрақтар:

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?

Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?

Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн.

Мұғалім:

Ал, ендеше оқушылар жолда жүру ережелерін есімізде сақтап жүрейік.

Есте сақта!

-         Жолдан өткен кезде жаяу жүргіншілер жүретін жолақпен өту керек.

-        Қашанда жолда немесе көшеде жан-жағыңа қарап, абайлап жүр.

-         Қызыл түс – тоқта,

Сары түс – дайындал,

Жасыл түс – алға!

-        Балалар, адамзатқа күнделікті қажет көлік құралдарының бірі – автокөлік. Ол халық шаруашылығында да, жеке тұрмыста да жиі пайдаланылады. Автокөлікпен жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға болады. Тәуліктің қай мезгілінде де автокөлік жүрісі толастамайды. Қала көшелерінде қоғамдық көліктер аялдамалардағы жолаушыларды

әрбәр 2-3 минут сайын алып кетіп жатады. Сондықтан жолда жүру ережесін бұлжытпай орындауға, бәрі де бірдей жауапты.

 

-        Көшеде көліктер жүретін жер – жол үсті деп аталады. Жаяу жүргіншілер үшін жаға жолдар деп аталады.

 

-        Жаяу жүргіншілер көшенің екі қапталындағы жаға жолмен жүруі тиіс. Жолға шыққан соң міндетті түрде оң қапталмен жүруі тиіс, ал қарсы келе жатқан жаяу жүргіншілер сол жақ қапталмен жүреді. Ал жолдың қарсы бетіне тек қана арнайы «Жаяулар өтетін жер» арқылы өтуге болады.

 

-       Ересек адамдар кішілерге көмектесіп, көшеден өткізіп жібергендері жөн. Тіпті қиын болған жағдайда үлкендерден көмек сұрау керек.

-            Трамвай – қала ішінде жүретін қоғамдық көліктердің бірі. Оның бір ерекшелігі аялдамалары жолдың жиегінде емес, тұп-тура ортасында орналасады. Өйткені трамвайжолдың ортасында өтетін рельспен жүреді. Сондықтан аялдамада трамвайға міну үшін жолды басып өтуге тура келеді. Жолда жүру ережелері бойынша трамвай келе жатқан бағытты автакөліктердің бәрі тоқтауға міндетті. Тек сонда ғана трамвайға мінуге болады. Жолаушылар трамвайдан түсетін кезде де осындай жайт қайталануы тиіс. Өйткені трамвайдан түскен соң да жолды кесіп өтуге тура келеді. Мұнда трамвайдан түскен бойда оң жаққа қарап, автакөліктер тоқтаған сәтте жолдан асықпай өтуге болады. 

-        Рельс жолдың ортасынан өтетіндіктен, трамвайға мінерде немесе одан түсерде екі жақтағы жүріс бөлігінде автакөліктер көп болуы мүмкін. Сондықтан жүріс бөлігіндегі көліктер тоқтағаннан кейін сақтықпен өту керек.

-         Қалада жүретін бағдарлы таксилер де жолаушылар тасымалдайды. Ондай көліктерге де аялдамаларда ғана мініп-түсуге рұқсат етіледі. Ал таксилерде отыратын орыннан артық жолаушы алуға болмайды.

Сабақты қорытындылау.

Қай көше, қалаға қарай барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға – дей отыра бүгінгі « Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік ережесі!!! » атты іс - шарамыз осымен аяқталды аман - есен жүрулеріңізге тілектеспіз.

Мадақтау.

Просмотров: 1460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст