"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бастауыш сынып" бірлестігінің онкүндігі

20.11.2017

Қайырлы күн құрметі ұстаздар, оқушылар!

«Әрбір адам – туыс, бауыр, жұрағат, Әрбір сабақ – өнер, білім, ұлағат», демекші, міне тағы да бір оқу жылын артқа тастап, ьоқушының жыл бойғы өткен еңбегінің сыналар тұсы осы шақ. Жас ұрпақ білімді де саналы болса, мемлекетіміздің де іргетасы мықты болады. Бұның негізгі бастауы мектеп пен бастауыш сынып мұғалімдері. Өйткені, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуы, баланың интеллектуалдық дамуы, адамгершілік қасиеттері, Отансүйгіштік, туған жер, ел туралы түсініктері бәрі де бастауыш сынып мұғалімдерінің қажымас қайраты мен талмас еңбегінің жемісі деп білеміз. Олай болса «Жаңа білімге жаңаша көзқарас» онкүндік апталығын ашуға рұқсат етіңіздер!

(Әнұран)

слайдшоу көрсетіледі

 

Оқушылар Үш тілде тақпақ айтылады

ІІ сұрақ-жауап:

1.     Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Айбол шықты елеңдеп,

Қағып кетті көршіні,

Қапылыста байқамай,

Мұндайда не деу керек? (кешіріңіз)

2.     Ерте тұрып мектепке

Қуаныш келді сабаққа

Қарсы алдынан кезігер

Ұстазы оның әр уақытта

Ұмытты Қуаныш бұл кезде,

Ұстазына не дейді? (Сәлеметсіз бе?)

3.     Ауыр сөмке көтеріп,

Белі кеткен иіліп.

Келе жатты қарт ана,

Ербол қарсы кезекте

Өте шықты жанынан

Мұндайда не деу керек? (көмектесейін бе?)

4.      Апан сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын,

Саған таңдап әперді

Мұндайда не деу керек? (рахмет)

5.     Сыйлап үлкен адамды, сәлем берген баланы «кім дейміз?» (әдепті бала).

6.     Кітап, дәптер, қаламы, кір шалмаған баланы «кім дейміз?» (ұқыпты)

 

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

ІІІ жалғасын

тап:

1.     Туған жердей – жер болмас,

Туған елдей – ел болмас.

2.     Отан - отбасынан басталады.

3.     Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

4.     Адал дос алтыннан қымбат.

Ағаш тамырымен,

адам досымен мықты.

5.     Ас атасы – нан.

Осы онкүндік апталығында әр ұстаз өзінің жаңа еңбектерімен, жинақтаған тәжірибелерін ортаға салып, пәндер бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізіп, әріптестерімен ой бөліспекші. Келіп көремдеушілерге, қатысам деушілерге есігіміз ашық, Хош келдіңіздер демекпіз!

Бірлестік жетекшісі  онкүндік жоспарымен таныстырады

Ән: 1сынып оқушылары «Дос болайық бәріміз»

 

Ал осымен ашылу рәсімін аяқтаймыз, келесі кездескенше! Сау болыңыздар!

 

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст