"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отаным-тағдырым

20.11.2017

                               Отаным-тағдырым

     Отан… Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Отан дегеніміз —  отбасың, туып өскен жерің, халқының бастан кешкен тарихы....

   Әркімнің туған жері өзіне ыстық жұмақ мекені демекші . Мен Қазақстанның көрікті өлкесі Орталық Қазақстан ,яғни Сарыарқада туып өстім. Арқа демекші әсем де сұлу табиғатымен талайды тамсандырған Көкшетау , Баянауыл, Қарқаралымен ұласып, сол киелі өлкелермен аты бірге аталатын, қазақтың Қанжығалы Бөгенбай, Олжабай сынды  әйгілі батырлар ғұмыр кешкен, қара  қылды қақ жарған атақты Үмбетей жырау,Саққұлақ шешендерге  киелі мекен болған , атақты Иманжүсіп әнге қосқан қасиетті өлке- Ерейментау жерінде дүниеге келдім. Ерейментау жерінің тарихы тереңде жатқан, қазақтың құт қонып, ырыс дарыған ежелгі мекендерінің бірі. Бұл өлкедегі қыздың  қос бұрымындай қос өзен Өлеңті мен Шідерті  жайлы жерұйықты аңсап , қазақ жерін желмаясымен шарлаған атақты Асанқайғының айтылған мына  сөзі мұра болып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.  Шідерті өзенін көргенде: "Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен", - депті. Өлеңті өзенін көргенде: "Тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: "Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - май"деп айтқан екен. Осыдан –ақ Ерейментау жерін Жерұйыққа теңеуге болатын құтты мекен екенін аңғаруға болады.

    Туған өлке,туған жер қасиетті, киелі ұғым-атам қазақтан  «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», -деген асыл сөз ұрпақтан –ұрпаққа  мұра  болып қалыпты. Туған жердің әрбір талы,тасы,самал желі тіпті қыбырлаған жәндігіне дейін жаныңа жақын, ыстық болады. Ата-бабамыз  туған  жерді аялауды, құрметтеуді  басты назарда ұстаған. Біздің де осы дәстүрді жалғастыруымыз үшін, ата-жерлеріміз кішкентай кезімізде тіпті қазіргі күнге дейін жер –су аттарын  аңызға айналдырып,жақсылықпен ұштастырып,туған жерге деген махаббатымды тереңдетті.Мысалы:Бұйратау Ереймен

өңірінде бой тепкен ұлттық саябақтың атауы.Бұйра-кісі аты, ол Қанжығалы Киікбайдың Бозайының қыстауы болған екен.Тау жотасы соның атымен  аталған.Осы өңірдегі жотаның екі жақ қапталындағы  биіктік Есен Мұрат ол өткен ғасырда  шешендігімен,тапқырлығымен  Ереймен еліне  беделі дарыған  қария, Күншалған тауының айналасындағы  қатпар-қатпар  биіктердің ішінде бір ат жоғалған, бір жылдан соң табылған атқа  сүйінші  сұраған сұраушы  ат амандығын  «есен», «құр ат» екен деп хабарлапты, кейін ат табылған  жер  Есен  Мұрат  болып кеткен екен.Біздің жеріміз өте  бай. Бұл деректерді, өкінішке орай, әр бала біле бермейді. Әрбір Ереймендік туған өлкеміздің қадір-қасиетін біліп, бағалай алса нұр үстіне нұр болар еді.  Бұл байлық  «Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» бізге жетті. Асылымызды, байлығымызды қорғап, құрметтейік.

     Қазақта мынандай мақал бар: “Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз”Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеп: “Біз қайдан шықтық?, Біз кімбіз?”, Кешегі Кеңес дәуір бізге не берді?”,“Сол дәуірде не жоғалттық?”, “Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төккен , жанын пида қылған ата-бабаларымызға қандай құрмет көрсетіп жүрміз?” т.б. сұрақтарға жауапты осы мектеп қабырғасында сабақ беру барысында іздегеніміз жөн. Себебі   мектеп оқушыларына осы сұрақтар төңірегінде  жауаптар беру керек. Бүгінгі кішкентай бала-ол ертеңгі ел азаматы.Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан халқының  міндеті.

  Қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым  жай ғана айтыла салған ұғым емес .Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, атап айтсақ, бағдарламаның «Туған жер» бағыты бойынша әр сабақтарымда , тәрбиелік іс- шараларда оқушыларыма туған жерінің тарихын білуге , қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеуді басты назарда ұстаймын.

   Жалпы Ерейментау жайлы айтылатын дүниелер өте мол. Ерейментау жерінен шыққан халқымызға өмірі өнегелі адамдар да жетерлік. Мен өз жерімді мақтан тұта отырып ,соның бір парасын ғана шығармамда жазуға тырыстым. Мен өзімнің осындай орта жүздің текті  Қанжығалы руынан шыққан Ерейментау елінде туып –өскен , өзімді бақыттымын   деп санаймын.

 

 

 

 

 

    

 

 

Просмотров: 586


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст