"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамға керегі адал ұрпақ

23.11.2017

Қоғамға керегі адал ұрпақ

 

    Қазіргі таңда мәңгілік еліміздің өсіп, өніп, өркендеуіне кері әсерін тигізіп отырған келеңсіз мәселе не десе, сөзсіз қоғамның айықпас дертіне айналған адамдардың қызмет бабын өз мүддесіне асыра пайдалану, қоғам мүлкін жымысқы әрекетпен тонау, ұрлау және тіпті айта - айта әбден жауыр болған жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық десек артық айтпаған болар едік. Осы бір айықпас қоғамдық індеттің дауасын табу үшін ел болып, тіпті әлем болып күресіп жатқанын күнделікті хабар таратқыш радио теледидарлардан, БАҚ – нан көріп те, естіп те, оқып та жүрміз. Тәртіпті қанша күшейткенімен бірақ нәтижесі шамалы болып тұр. Қашан көрсең ылғи еститініміз: «Бәленшекең  қыруар қаржыны жымқырыпты..., шетелге қашып кетіпті... немесе пара алып жатқан жерінде қолға түсіпті т.б.» - деген елді елең еткізер келеңсіз жаңалықтар алдыңнан айқайлайды. Осыны естіп өскен болашақ ұрпақтың тағдыры не болмақ? деп ойлайсың кейде.

     Аурудың алдын алмасаң, асқындырасың демекші сонау замандардан бері қоғамның етіне еніп, сүйегіне сіңіп, тамырын тереңге жайған осынау өрескел дерттен қалай құтылудың бір амалы тәрбие де жатқан сияқты.

    Тәрбие тал бесіктен басталады демекші еліміздің ертеңі мен болашағы бүгінгі жастарымыздың бойына рухани адамгершілік пен имандылықты, патриоттық пен парасаттылықты, мәдениеттілік пен әдептілікті,әділеттілік пен адалдықты т.б жақсы қасиеттерді сіңіре тәрбиелеу арқылы болашақта жемқорлықты түбегейлі жоймасақта, жолын кесіп, азайтуға болады екен. Бұған қазірден бастап ел болып, қоғам болып, ата - ана, педагогтар болып атсалыспасақ «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресіңнің» кебін болашақта кимесімізге кім кепіл.

    Қазір көптеген білім беру ошақтары жоғарға, орта оқу орындары  мен мектептерде, тіпті балабақшаларда да осы істі қолға алып, тиісті жұмыстарын бастап та кеткен.

   Осындай игі шараны №1 Егіндікөл орта мектебі де қолға алып, өткен жылдан бастап «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубын құрып, «Парасатты азамат» бұрышын шығарып, көптеген жоспарлы іс - шараларды өткізіп келеді. Жуырда «Нұр отан» пртиясының ұйымдастырған жемқорлыққа байланысты үздік карикатура байқауына мектеп оқушылары белсене атсалысып, 6 сыныбының біршама оқушыларының салған суреттері байқауға жіберілсе, 5 – 10 сынып оқушылары «Жемқорлық жоқ!», «Жемқорлыққа қарсымыз!» т.б тақырыптарда қабырға газеттерін шығарып және барлық сыныптарда аталмыш тақырыптарда сынып сағаттары болып өтті.

     Міне, жасынан жамандықтан жирене,жиіркене өскен ұрпақ болашақта жамандық атаулыдан аулақ, қоғамға адал, әрқашан ары таза болмақ.

 

Аманкелді Райханұлы

мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Просмотров: 405


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст