"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің – құқығым, менің – міндетім!

24.11.2017

Өткізілген күні: 24.11.2017 жыл

Сыныбы: 1 «Ә»

Тақырыбы: «Менің – құқығым, менің – міндетім!»

Мақсаты: Бала құқықтары, оларды сақтау, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.

Міндеттері: 

v  Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

v  Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

v  Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, интерактивті тақта, слайдтар. 

                                                      

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру. 

ІІ. Психологиялық дайындық 

Мақсатымыз, білім алу 

Міндетіміз, еңбектену 

Әр оқушы өз құқығын білу, 

Оны өмірде пайдалану.

    Жарайсыңдар балалар!

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне, денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.

Конституция дегеніміз не?

Ербол: Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері

белгіленген құжат. 

мұғалім: Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді?

Оқушылар:/30 тамыз/

-  Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары

мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/ 

- Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар. 

Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады. 

Мөлдір: Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.

Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім? 

Нұрбақыт: Ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы. 

- Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады. 

- Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат біздің тұлға екенімізді растайды). 

3) Біз қай елдің азаматтарымыз? Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. 

- Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.

Видеоролик:  «Права детей»

4) Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары

• Өмір сүруге 

• Ата-тегін алуға 

• Отбасында тәрбиеленуге 

• Жеке бас бостандығына 

• Азаматтық алуға 

• Білім алуға 

• Баспана алуға 

• Дүние мүлікке 

• Демалуға 

• Денсаулықты сақтауға 

• Сөз бостандығына 

• Қоғамдық жұмыстарға араласуға

Көрініс: «Нұрислам мен Іңкәрдің ақшаға таласуы»

Нұрислам: Каусар менде ақша бар жүр екеуміз бірге барып асханадан пирожки алайық.

Іңкәр: Неге? Жарайды, менда ақшамды алайын.

Сол кезде Диас түрі бұзылып үнсіз қалады. 

Нұрислам: Жоқ менің ақшам жоқ, сен алып алдың , алып кел менікі

Іңкәр: сені болса қайтемін, менікі болды мекнікі?!

Нұрислам: Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің ақшам,саған бермеймін.

Іңкәр: Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе? Мен тауып алдым

Автор: класс аң таң. Ақмерей:

Ербол: Нұрислам , Іңкәр  төбелесті тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.

Автор: Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді.

Мұғалім: Бұл не шу?

Ербол: Диас пен Каусар 50 тг үшін таласып, «Менің құқығым бар ақша жұмсауға» деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды.

Мұғалім: Каусар, Диас сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек. Автор :Сынып жетекшіміз дауды шешіп,Каусардың ақшасын қайтарып, кешірім сұрауды өтінді.

Мұғалім: ендеше балалар біз манадан құқық міндет туралы айтып жатырмыз. Ендеше сол құқықтарымызды қалай қорғап тәртіпті болып жүруіміз үшін бізде қонақта Егімбаев Самат ағаймен Темиров Бердібек Баубекұлы отыр. Осы кісілер сендерге шамалы мағұмат беріп кетсе деймін.

Видеоролик: « Конвенция о правах ребёнка»

Мұғалім: Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. 

Ал, енді сендер оқушы ретінде өз міндеттеріңді білесіңдер

Оқушы міндетті:

1. Жол тәртібін бұзбауға

2. Қоғамдық жұмысқа қатысуға

3. Білімді менгеруге

4. Шындықты білуге

5. Үлкенді сыйлауға

6. Кішіге көмектесуге

7. Өтірік айтпауға

8. Шыдамсыз болмауға

9. Денсаулығын күтуге

10. Денені шынықтыруға

11. Қазақ тілін құрметтеу

12. Табиғатты қорғауға 

Оқушы жауапкершілігі:

1. Уақытында келу

2. Уәдеде тұр

3. Тиянақты болу

4. Мектеп мүлкін бүлдірмеу

5. Тәртіпті бұзбау

6. Жаман сөз айтпау

7. Досына көмектесу

8. Оқушы ережесін орындау

 9. Кітапты күтіп ұстау

10. Күн тәртібін бұзбау

11.Талапты орындау

12. Әдепті болу

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал.

Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал.

Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,

Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.

Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,

Құқың жоқ құстардың ұясын бұзуға.

Құқың жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,

Халқыңның алдында қызарып тұруға. –дей келе біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!

Просмотров: 4050


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст