"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Модель - нақты нысанның маңызды қасиеттерін бейнелеу

11.12.2017


Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Модель - нақты нысанның маңызды қасиеттерін бейнелеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


II. Үй тапсырмасын тексеру.  Тест арқылы өткен тақырыпты тексеру.

1. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А) қағазды

Ә) дискіні

Б) тасты

В) суды

2. Вирус - ол...

А) дискілерді тексеру құралы

Ә) файлдарды көшіруге арналған программа

Б) операциялық жүйедегі қателердің салдары

В) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа

3. Антивирус - ол...

А) файлдарды сығуға арналған программа

Ә) файлдарды көшіруге арналған программа

Б) компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа

В) вирустарды құруға арналған программа

4. Файлдарды мұрағаттау деген не?

А) файлдарды Қоржынға жою

Ә) оларды жеке бумаға біріктіру

Б) оларды бір мезгілде сыға отырып, бір файлға қою

В) кеңседегі құжаттарды қоюға арналған арнайы орын

5. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны көрсетіңдер:

А) Windows

Ә) Microsoft Word

Б) Paint

В) WinRar

6. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

А) 1946 ж.

Ә) 1949 ж.

Б) 1980 ж.

В) 1956 ж.

7. Алгоритм дегеніміз -...

А) іс - әрекет

Ә) толық сипатталған тапсырма

Б) алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.

В) математикалық есептің шешілуі

8. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер:

А) жазу үстелі

Ә) адам

Б) ыдыс жуатын машина

В) робот

9. Егер алгоритмдегі іс - әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса.... алгоритм деп аталады.

А) сызықтық

Ә) тармақталған

Б) толық емес формадағы тармақталған алгоритм

В) тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм

10. Толық және толық емес формадағы алгоритмді не деп атаймыз?

А) сызықтық

Ә) тармақталған

Б) ондай алгоритм жоқ

В) таңдау алгоритмі

 

1.     В

2.     В

3.     Б

4.     Б

5.     В

6.     А

7.     Б

8.     А

9.     А

10.  Ә

Практикалық тапсырма.

Word мәтіндік редакторында 2  сөйлем теріп, баспадан шығару.

Пуск-Все программы-MS Office-MS Word

ІІІ. Жаңа сабақ. Bilimland.kz интернет порталынан видео көрсету.

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.

Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.

Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.

Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.

Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.

Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.

Модельдеу – шығармашылық үдеріске жатады және ерекшеленген кезеңдер әр нақты жағдайда өзгеріске ұшырауы мүмкін.

IV. Практикалық жұмыс.

Графикалық редактор құралдарының көмегімен мектеп және мектеп ауласының моделін ұсыныңдар.

V. Сабақты бекіту.

1.     Модель дегеніміз не?

2.     Модельдеу дегеніміз не?

3.     Модельдеудің негізгі кезеңдері?

4.      Модельге қандай мысал келтіре аласыңдар?

VI. Қорытынды.

VII. Үй тапсырмасы.

Дәптерге өз бөлмесінің моделін салып әкелу.

VIII. Бағалау.

Просмотров: 500

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст