"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бала би" шешендік өнер сайысы

13.12.2017

     Қараша айының 29-30ы күндері облысымыздың орталығы, киелі Көкшетау жерінде, "Бала би" шешендік өнер сайысы болып өтті. Осы аталған іс-шараға ауданымыздың атынан, мектебіміздің оқушылары бақ сынап қайтты. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратын бұл сайысымызға біздің аудан бірінші рет қатысып тұрғаннан кейін, кейбір кезеңдерінде түсініспестіктер болғанын айтады, оқушыларға жетекшілік еткен жас маманымыз - Рыспай Қамқор Қойлыбайұлы. Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Арив Аяулы-уәзір болып әр сөзін түйіндеп отырса, 7-сынып оқушысы Жұмажан Алмаз жыраулық қызметін ойдағыдай алып шықты деп білеміз. Қазақстан Көкшетау телеарнасына сұxбат беріп, ойыннан алған әсерлерімен бөлісті. Оқушыларымыз арнайы алғыс xатпен марапатталып, келесі жылы "Бала би" сайысына міндетті түрде қатысып, жүлделі орын аламыз деп сенім білдіріп отыр. Көздерінде жанып тұрған оты бар жас дарындардың танылуына мүмкіндік жасап отырған, аудан және мектеп басшылығына алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 477


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст