Текст
Қазақтың 100 әні жобасы аясындағы "Бір әннің тарихы" атты мектепішілік ән эстафетасының кезегі бүгін 4-сынып оқушыларына келген. Гүлайым Жотаеваның "Тәуелсіз ел ұраны" атты балаларға арналған патриоттық әннің шығу тарихымен таныстырып, ортада әнді орындады. Патриоттық әннің мағынасын оқушылар түсіне біліп, елі үшін мақтаныш сезімдері бойларына ұялағандығы байқалып тұрды. Көк туды желбірете тұрып орындалған ән баршаның көңілінен шыға білді. Эстафетаны 3-сыныпқа жолдады.