Текст
Бүгін, 5-сәуір күні мектебімізде "Отбасы-тәрбие бастауы" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Алғаш сөз кезегін алған мектеп директоры Балтабаева Динара Құттыбайқызы "Отбасы құндылықтары- ұлттық құндылыққа ұласады" атты баяндама оқыды. Ардагерлер кеңесінің төрайымы Әмірханова Бақыт Бейсенбаевна қазақ отбасындағы бала тәрбиесі, тіл мәселесі бойынша сөз сөйледі. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Бейсенов Әсет Сәрсенбайұлы "Құқық бұзушылықтың алдын-алу" жайындама түсіндірме жасады, ал мектеп медбикесі Айткенова Ревекка Серикжановна "Зиянды әдеттер мен жеке бас гигиенасы" туралы айтты. Жиналыс соңында жеке сұрақтары бар ата-аналар мектеп әкімшілігімен, пән мұғалімдерімен кездесіп, кеңес алды.