10.02.2023
«Ата—ана өндірісінде 10 күн» кәсіби бағдар беру жоспарының 8 —ші күніне шолу
Ағымдағы жылдың 8—ші ақпан күні 9-11 сыныптар аралығында «Қажетті мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдай білуіне ықпал жасау. Мамандықтар әлемі туралы ақпарат алуға жол көрсету, өзін –өзі танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру. Шараға ауданымыздың ардегерлер кеңесінің төрайымы Әмірханова Бақыт Бисимбаевна қатысып, оқушыларға әр мамандықтың ерекшеліктерін атап өтті.
Ж.Аймауытов айтқандай "Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Оқушылар көкейлерінде туындаған сауалдарын қойып, өздеріне қажет ақпараттармен алмасты. Шара қызықты әрі тартымды өтті.