10.02.2023
Кәсіптік бағдар беру " Ата-ана өндірісінде 10 күн" жоспарына сай 6 ақпан күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына "Кәсіптік бағдар болашаққа жол" тақырыбында ауданымыздың "Аскоп" ЖШС шеберханасына саяхат ұйымдастырдық.
Ондағы негізгі мақсат - Мамандық әлемі және олардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау.