10.02.2023
Кәсіптік бағдар беру " Ата-ана өндірісінде 10 күн" атты жоспарға сай 3 ақпан күні Егіндікөл аудандық емханасына мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдау жолында бағыт беру, дәрігерлердің тыныс тіршілігімен танысып сұхбаттасып қайтты. Дәрігер Тасқынбаев Темірболат Тасқынбайұлымен мамандықтың жауапкершілігінің қыр—сырын түсіндіріп өтті.
Оқушыларға мамандық таңдауда жаңылыспау үшін өздерінің кеңестерін айтып өтті. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа рухани азық болатын түрлі пікірлермен мысалдар келтірді. Қызу әңгіме соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Болашақ медицина саласын таңдаған оқушыларға бұл кездесу болашаққа қадамның баспалдағы болды.