10.02.2023
" Ата-ана өндірісінде 10 күн" атты кәсіптік бағыт бағдар жоспарына сай "«Ұстаз— ұлы мамандық»" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға мектебіміздің ардагер ұстазы, аяулы ана, мектебіміздің өсіп өркендеуіне атсалысқан - Аманжолова Бақыт Аманжолқызы шақырылды. Ұстазымыздың 70 жасқа толған мерейтойын құттықтау үшін мектебіміздің 9—11 сынып түлектері, ұстаздар қауымы жиналып, ардагер ұстазымыз мектеп қабырғасындағы және шәкірт тәрбиелеу жолындағы кеңестерімен бөлісіп,түлектерге арнап ізгі ниеттер білдіріп,түлектерге білім жолында сәттіліктер тіледі. Кездесу барысында оқушыларымыз ұлағатты ұстазға арналған өз өлең шумақтарын оқып, қызықтырған сұрақтарын қойып, өте әсерлі сұхбат орын алды.
Мерейтой иесін құттықтау үшін мектебіміздің директоры Балтабаева Динара Куттыбаевна сөз алып,мектеп түлектері және ұстаздар қауымы ізгі тілектерін білдірді.
"Ұстазын сыйламаған елдің - ұрпағы азады", - дейді халық даналығы. Бақыт Аманжолқызы ұстаздық еткен жылдары көптеген жастарды тәрбиеледі. Шара соңында мектеп директоры қорытындылап, ардегер ұстазға жылы лебізін айтып, алғысын білдірді.