10.02.2023
Мектепте " Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!" атты кітапханалық сағат өтті.
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауға көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Түрі: техникалық құрал — жабдықталған кездесу —тренинг.
Оқушылар сабақ барысында адамға алғашқы көмек көрсету кезінде қан қысымын өлшеуді, жарақатқа тампон салуды, дене қызымын өлшеуді демонстрациялады. Өсімдіктердің, агроном ретінде, тұқымдарын сұрыптады; столға сервировка жасауды көрсетті. Оқу кабинетінің экологиялық жағдайын құралдармен анықтады.
Сабақ сонында " Өзін өзі растау" атты тестен өтті.
Мектеп кітапханашысы Калиева М.С