10.02.2023
«Ата—ана өндірісінде 10 күн» жобасы аясында ақпан айының 1—ші жұлдызында ауданымыздың «Балбөбек» балабақшасына мектебіміздің 9—11сынып оқушылары барып қайтті.
9 сынып оқушысы Исламбекқызы Ақеркенің ата—анасының жұмыс орнына саяхат ұйымдастырылды. Балабақша ұжымы оқушыларды есік алдынан жылы жүзбен қарсы алды. Алдымен анасымен сұхбат жүргізілді. Осы мамандықты таңдағандағы мақсаты, жалпы бөбекжайдағы бір күндік жұмыс тәртібі, балабақшаға бала неше жасынан қабылданады, қабылдау реті, балалардың ас мәзірі туралы сұхбаттар жүргізілді. Оқушылар балабақшадағы тәрбиеленушілермен кездесіп, жұмыстарын көріп жақсы сезімде болды.