Текст
Қазақстан Республикасының Тілдеріне арналған онкүндік аясында 8-11 сыныптар арасында "Тілдердің теңдігі - ұлттардың теңдігі" тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Тілді құрметтеу, өз тілінің жанашыры болуға жетелеген байқау нәтижесі мынадай болды: жүлделі 1-орынды 11-сынып оқушысы Айтбай Жарқынай мен 8-сынып оқушысы Мауленова Дильназ иеленсе, 2-орынды 11-сынып оқушысы Сеилова Сандуғаш пен 8-сынып оқушысы Асанова Мадина иеленді, ал 3-орынды 9-сынып оқушылары Елубай Анеля мен Жұмажанова Гульназ қанжығаларына байлады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!