"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балдәурен" жазғы лагер

15.06.2022
Балдәурен" лагері күнделікті таңғы жаттығу жасалып, ас ішкеннен кейін мектебіміздің кітапханасына саяхат жасаудан басталды. Кітапханамызда балалардың жазғы демалысына орай оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. «Кітап әлеміне – жазғы саяхат» атты шара барысында мектебіміздің кітапханашысы Калиева Макен Сабиевна кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырды. Оларға «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедияларын ұсынды.Өткізілген іс-шара оларды қатты кызықтырып, үлкен әсер қалдырып, көптеген балалар қызықты кітап әлеміне қайта келіп тұруға ниеттерін білдірді. Сонымен қатар ауданымыздың Мәдениет үйіне барып тәлімгерлердің ұйымдастыруымен қызықты мультфильмдер көріп қайттық.
Балалар өте қуанышты болды.
Просмотров: 203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст