"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балдәурен" жазғы лагер

15.06.2022

«Балдәурен» жазғы демалыс лагеріне күнделікті сағат 9:00 да жиналып таңертеңгілік бой жазу жаттығулары орындалды. Оқушылар таңғы жаттығуларды қызығушылықпен орындайды.Таңғы ас ішіп болғаннан кейін балалар табиғи материалдардан түрлі заттар жасады. Жоспар бойынша ауданымыздың өрт сөндіру бөліміне экскурсияға бардық. Дана халқымыз: «Өрт – тілсіз жау» деген. Ол адамның бақылауына көнбейтін табиғи апаттың ең қауіптісі. Сондықтан үнемі одан сақтанып жүрмесе, өрт орасан зардаптар әкеледі. Әсіресе, балалардың өрттен аса сақ болғаны жөн. Осыған орай өрттен сақтану, өртті болдырмау жөнінде түсініктер беру, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу мақсатында: «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде демалушы оқушылар ауданымыздың өрт сөндіру бөліміне саяхат жасады. Өрт сөндіру мекемесі өте кең екен. Бөлімше командирі аға лейтинант Азамат Асылбекұлы балаларға өрт сөндірудің бірнеше әдістері және өрт сөндіру бөлімінің жұмыс тәртібімен, өрт сөндіру машиналарының түрлерімен таныстырып, арнайы өрттен сақтану ережелерін таратты. Сондай – ақ, жанып жатқан өрттен адамдарды, ғимараттарды құтқару тәсілдерін меңгертті. Бұл жерде әрдайым жылдамдықты талап етеді, себебі, дабыл қағылған сәтте бірден киініп, далаға шығып дайын болуымыз керек. Ол үшін күнде жаттығамыз деп баса айтты. Саяхат соңында балалар өрттен мекемелерді және үйлерді аман алып қалуының қиын екендігін өзара әңгімелеп, ойларын ортаға салды. Машинаның әрбір құралдарын көздерімен көрді. Балаларды жылы шыраймен қарса алып, арнайы көңіл бөліп, өрт сөндірудің қыр-сырымен таныстырған Азамат ағайға алғысымыз шексіз. Әрдайым еліміз өрттен аман болсын демекпіз!

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст