Текст
03.06.2022


ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ БАСТАЛДЫ


Жаз – балалардың асыға күтетін тамаша мезгілі. Жазғы демалыс – оқушылардың мектептегі сабақтан гөрі еркіндікте болып, өзі үшін қызықты істерді жасап және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебіміздің "Балдәурен" жазғы тынығу лагері өз жұмысын бастады.
Лагеріміздің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Бағдарламаға ұласып, балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, биден шашу шашты.

Бүлдіршіндерге қызықты демалыс болсын!