25.05.2022
Бүгін, 25 мамыр күні мектебімізде
«Түлек-2022, Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Оған оқушылар, ұстаздар, ата-аналар қатысты.
Іс-шара басында салтанатты жиынның қадірлі қонағы Әбілов Бегіндік Қуандықұлы -аудандық маслихат хатшысы, мектеп директоры Балтабаева Динара Куттыбаевна бітіруші түлектерді құттықтап, жолдарына сәт сапар тіледі.
Оқу ісінің меңгерушісі Залучуд Айнагүл мектеп бұйрығы таныстырды.
Балалар жылы аясында 1 сынып бүлдіршіндері құттықтау өлеңдерін оқыды. Ата-аналар атынан Балтусупова Бакытгуль Маратовна құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тіледі.
Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!