"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алжир" мұражайына саяхат

01.06.2019 Саяси қуғын көргендер ұрпақ санасында қалсын деп... Оқу жылы аяқталып, балалардың жазғы демалысы басталса да №1 Егіндікөл орта мектебі мектепішілік іс - шараларын тоқтатқан емес. Жер құрғап, күн жылынғаннан бері мектеп оқушыларын өлкеміздің бірнеше тарихи жерлерге апарып экскурция жасату мектеп әкімшілігінің бұрыннан бері ойға алып, жоспарлап жүрген ісінің бірі еді. Міне сол мақсат та орындалып күні кеше ғана яғни 29 – 30 мамыр аралығында мектептің 7 – 10 сынып оқушылары саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Целиноград ауданының орталығы Ақ мол кентінде орналасқан саяси қуғын сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешеніне барып қайтты. Экскурция барысында мектеп оқушылары саяси қуғын сүргін құрбандарының 2000 әйелдері нақақтан - нақақ жабылған жаламен сотталып, жазасын атақты Карлаг түрмесінің он алтыншы нүктесі болған АЛЖИР лагерінде өтегені жайлы, сол кездегі лагердегі ауыр тұрмыс, кеңес үкіметінің әр түкпірінен айдалып келген әйелдер мен олардың балалының қатал тағдыры т.б жайлы бұрынғы АЛЖИР барактары тұрған жер қазіргі мұражайдан көптеген тың деректер алып, лагерь өмірін суреттейтін сүреңсіз көріністерді көріп келді.
Просмотров: 408


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст