2019 жылдың наурыз айының 14-15 күндері Көкшетау қаласында жастар жылы аясында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың облыстық байқауы өтті. Бұл байқауға облыс көлемінде 17 жас маман қатысты. Біздің ауданымыздың атынан «№1 Егіндікөл орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі Калиева Сандугаш Габдумажитовна қатысты. Бұл байқау үш кезеңнен тұрды.
1-кезең: Таныстыру (5-7 мин);
2-кезең: Панорамалық сабақ (20 мин);
3-кезең: Эссе. 1-кезеңде Сандуғаш бейнепрезентация арқылы өзін таныстырып шықты. 2-кезеңде «Анимация құру» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен панорамалық сабақ өткізді. Байқаудың қорытындысы бойынша жас педагогтардың облыстық байқауына белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысы Білім басқармасының грамотасымен марапатталды.