"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шамшырақ» отбасылық құндылықтар клубы

05.03.2019

«Шамшырақ» отбасылық құндылықтар клубы

       Отбасы – адамның алтын мекені. Осы мекеннің өзіндік құндылықтары мен ізгіліктері бар. Соны өскелең ұрпақ бойына ұялату үшін – ата-ана мен мектеп екі жақтап ат салысса, сол құндылықтар өз биігінде болатындығы сөзсіз. Осы мақсатта №1 Егіндікөл орта мектебінде «Шамшырақ» отбасылық құндылықтар клубы салтанатты түрде өз жұмысын бастады. «Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты»- деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін негізге алған клубтың басты мақсаты: Елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу. Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, іргесі берік жарасымды отбасы қалыптастыруды насихаттау. Жалпы отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы–тәрбиенің негізі екенін ұғындыру. Ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау. Осы арнаға бағытталған «Шамшырақ» клубының ашылу салтанатына келген аудан әкімі Исабеков Ерлан Шойұлы мен ауданымыздың ардақты ақсақалы Бияданұлы Балшық лентасын кесті. Аудан әкімінің орынбасары Көбжетерова Алтыншаш Арынгазиевна, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шевцов Владимир Викторович, мектептегі қамқоршылық кеңесінің мүшесі Идрисова Айнұр Қалабайқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Әмірханова Бақыт Бейсенбайқызы, аудан ақсақалы Балтусупов Пшенбай ағамыз, ауданымыздың ұлағатты ұстазы Аманжолова Бақыт Аманжоловна, аудандық мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Касенов Ануар Шапағатұлы, аудандық «Нұр Отан» ХДП бас маманы Козыбаев Әділ Нұрғалиұлы қатысты. Салтанатты түрде лентасы кесіліп, мың бұрала билеген бишілер шашу шашты. Аудан әкімі Ерлан Шойұлы сөз кезегін алып, игі бастамамен құттықтап, клубқа естелік сыйлық табыс етті. Ақ жаулықты аналар мен ардақты ақсақалдар өскелең ұрпақтың құндылықтар жайлы түсініктері арту үшін осындай клубтың құрылғандығы жақсы болғандығын айтып, алдағы істеріне сәттілік тіледі. Мектеп басшысы Балтабаева Динара Құттыбайқызының салт-дәстүрді қазақ балаларының бойыңа сіңірту, ана тіліне жанашыр болып өсіп, әкесін құрметтеп, анасын аялауға бағытталған осындай клуб ұйымдастырып жатқаны үшін шексіз ризашылықтарын білдіріп кетті. Осындай клубтар жұмыс істесе қазақтың қара домалақ балалары ұлттық құндылықты құрметтеп, Отбасы сөзінің қадір-қасиетін ұғынатындығына кәміл сенеміз.

 

Просмотров: 1060


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст