"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Робототехника- заман талабы.

05.03.2019

Робототехника- заман талабы.

Қазірге кезде робототехника саласы қарқынды дамып келеді. Әрине, бұл мақсатқа жету өте қиын, бірақ жүзеге асырылмайтын  іс деп ойламаймын. Ең бастысы- шын ниетпен еңбектенсек, алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз.   

Мектептерде робототехника курстары ашылып, оқушылар робототехника саласымен танысып келе жатыр. Осы саланың маманы болған соң оқушыларыма өзім білетінді үйретіп, қарыштап дамып жатқан заман ағымынан қалыспас үшін алға жетелеу-менің басты мақсатым деп білемін. Робототехникамен мектеп кезінен танысқан оқушылар да бұл салаға қызығушылығы пайда болып, соның арқасында болашақта робототехника саласында көптеген жас ғалымдар істейтін болады. Сол себепті, меңім ойымша, жетістіктер бізде әлі де болады, тек қана сәл ғана күте тұру керек және еңбек ету керекпіз.

Осы орайда 14-ақпан күні №1 Егіндікөл орта мектебінің 11-сынып оқушыларымен информатика пәнінің мұғалімі Шаймардан Хуандых «Роботехника-заман талабы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудан әкімі Исабеков Ерлан Шойұлы, аудан әкімінің орынбасары Кубжетерова Алтыншаш Арынгазиевна, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шевцов Владимир Викторович, мектеп директоры Балтабаева Динара Құттыбайқызы қатысты. Робототехника -заман талабы болса, сол талапты жақсы меңгеру үшін өткізілетін бұндай сабақтардың оқушыларға берері мол. Сабаққа қатысқан аудан әкімі Ерлан Шойұлы «Ардуино уно» құрылғысымен жасалған жобаларды тамашалап, оқушылармен тәжірибе алмасты.

Қазіргі таңда роботтар көбінесе өндіріс саласында көп қолданылса, болашақта роботтар адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады деп ойлаймын. Біздің елде де басқа елдегідей роботтардың тұрмыста үлкен рөл атқаратынына сенемін. «Робот техникасы» курсы оқушылар тарапынан жоғарғы қызығушылықпен жүргізілетініне сенімім мол...

 

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст