"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

23.01.2019

 

Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

 

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздік аңсаған жастардың,

Отан үшін табандары тозбады.

 

Шыдай алмай жастар шықты алаңға,
Жауыздар да қаптап жүрді далада.
Шаштан сүйреп, тепкіге сап қыздарды,
Сездіртті ғой желтоқсанның ызғарын.

 

Тәуелсіздік армандаған қазағым,

Білді ме екен келетінін ажалдың.

Талай жастар қыршынна үзіліп қап,

Ажал құшты болмаған соң амалдың.

 

Тәуелсіздік жолында лаулап жанған,

Елі үшін қан майданға оранған.

Жігіттер мен қыздардың ерлігін,

Бүгінгі ұрпақтары дәл жалғаған.

 

Тарихсыз болашақ жоқ екенін ұмытпайық,

Желтоқсан жастарын біз ұлықтайық.

Қазағым, туған жерім деген жанның,

Ерлігін, батылдығын ұмытпайық.

 

Құтты болсын, тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Бірлікті, татулықты ұран етіп,

Қашпасын қазағымның берекесі.

 

 

 

Просмотров: 391


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст