«Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2021 жылға арналған есебі
«Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілген қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Заңды мекен-жайы: Егіндікөл ауылы, Школьная көшесі 6.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі. Әрбір қызмет түріне мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беру мектебімен барлығы 75 қызмет көрсетілді.
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»; «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
«Аттестаттауға және республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына біліктілік санаттарын беру және растау үшін аттестаттауға құжаттарды қабылдау»;
Сондай –ақ мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өз – өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2022 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.