Текст
Бүгін 22 желтоқсан күні Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінiң 9-11 сынып оқушыларына мемлекеттің дiн саласындағы саясатын түсіндіру мен діни экстремизмнің алдын - алу мақсатында « Білім беру жүйесіндегі зайырлылық қағидаттарын сақтау » тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дiн iстерi комитеті жанындағы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Иманбаев Мейрам Өткiлбайұлы оқушылармен кездесу барысында жан-жақты мәліметтермен бөлісіп, елімізде жастардың діни сауаттылығы және қоғамның бейбіт түрде дамуы, зайырлылық қағидаттары бойынша пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтып, пікір алмасты.