"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

<<Жарқын болашақ иесі - жас маман>>

09.12.2021 <<Жарқын болашақ иесі - жас маман>> Бүгін мектебiмiзде оқу iсiнiң меңгерушісі Залучуд Айнагул және қоғамдық пәндер бірлестігiнiң жоғары, бiлiмдi ұстазы Алиякбарова Асима Сүлейменовна, мектеп психологы Абдраева Шолпан Апрельхановнаның ұйымдастыруымен жас мамандармен «Сабақты тиімді жоспарлау, оқыту мен оқуды табысты жүргізу – жетістік кепілі» атты коучинг өткізді. Коучинг мақсаты: сабақты тиімді жоспарлау, оқыту мен оқуды табысты жүргізу, әдіс - тәсілдері мен кері байланыстың сабақтағы маңызды үрдіс екенімен тәжірибе алмасады, табысты оқытуға қол жеткізу. Коучинг жас мамандардың белсенді ат салысуымен қызықты өтті, қызығушылығы жоғары болды. Сабақ барысы, яғни топқа бөлуден кері байланысқа дейін іс- әрекеттерді тапсырма орындай отырып, әр тапсырманың орындалуын бағалау тәсілдерін әр түрлі етіп ат салысқан жас мамандар, өз тәжірибесімен де бөлісе алды. Жас маман іс - тәжірибе қоржынын әдіс- тәсілдер білімімен толықтыра алды. Сонымен қатар мектеп психологы жас мамандармен психологиялық тренинг жүргізiп, жас маманның бойындағы қасиеттерге тоқталып, оқушы мен жас маманның қарым - қатынасын қалай орнату керектігі жайында ақпараттармен бөлісті. Жас мамандар бүгінгі өтiлген коучинген көптеген ақпараттар алып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын бiлдiрдi.
Просмотров: 263


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст