Бүгін 19 қараша күні Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясын қабылдаудың 30 жылдығын, ратификациялаудың 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында
✔️1-4 сыныптарда <<Әлем балалар - көзiмен>>;
✔️5-7 сыныптарда <<Құқық сабақтары - өмір сабақтары>>
✔️8 - 11 сыныптарда << Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ>> тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 1-11 сыныптардың сынып жетекшілерi оқушыларымызды бүгінгі Бүкіләлемдік балалар күнімен құттықтай отырып, Бала құқықтары туралы Конвенция аясында түсініктеме беріліп, оқушылармен бірге талқыланды. Оқушылар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқықтарын жақсы деңгейде білетіндіктерімен ерекшеленді. Оқушылармен тренинг жұмыстары жүргізілiп, бейнебаяндар көрсетiлiп, суреттер салынып, тәрбие сағаты слайд арқылы көрсетiлiп, тақырып аясында постерлер жасалынып,қорғалды.