Егiндikөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінiң кітапханасында«Бала құқығы – адам құқығы» Республикалық науқанының жоспарына сәйкес, құқықтық тәрбие беру, оқушылардың адам құқығы мен міндеттері жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір балаға өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету мақсатында <<Өмiр сүру құқығы - қасиетті құқық>> тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
1959 жылы «Бала құқығы Декларациясы»қабылданған болатын,міне осы декларациядан кейін 1989 жылдың 20 қарашасында «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды.
Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды.
Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз,еліміз,халқымыз алдындағы парызымыз.Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтіндігімізден туындап жатады.Іс-шара барысында оқушылар бала құқығы туралы сұрақтар қойып, бала құқығы мен міндеттері туралы өз ойларын білдірді.
Оқушылар өз құқықтары туралы мәліметтер бойынша өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарына керекті ақпараттарын алды.
Мектеп кiтапханашысы: Калиева Макен Сабиевна