Текст
Бүгін, 2021 жылдың 11 қарашасында РБЖБҰ «Жас Ұлан» қозғалысын дамыту және белсендіру бойынша облыстық оқыту семинары ұйымдастырылды, оған Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінiң <Жас Ұлан> ұйымының мүшелері және мектеп парламентінің көшбасшылары белсенді қатысты. Семинар тақырыбы бойынша әр түрлі сұрақтарға жауап берiп, пiкiр алмасып, өз ойларымен бөлістi. Оқушылар семинардан өздеріне қажетті ақпараттарды алып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын бiлдiрдi.