Текст
6 қыркүйек күні Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған "Тілге құрмет – елге құрмет" атты онкүндігі басталды. Онкүндіктің мақсаты: Отанға, өз халқына, тарихына, тіліне деген сүйіспеншілік арқылы көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі идеясын кеңінен насихаттау. Ұрпақта азаматтылық және патриоттықты қалыптастыру және дамыту, тіл мәдениетін көтеру және мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру. Аталған онкүндігінің ашылуында оқушыларды іс-шаралар жоспарымен таныстырылып, сайыстар өткізілді.