Мереке зор қуаныш-Білім күні,
Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар-өмір гүлі.
Егiндikөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-қыркүйек білім күніне орай тұңғыш мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары үшін «Кел, балалар, оқылық! » атты салтанатты жиын өтті. Бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салып, алғашқы қоңырау соғылды.
Бірінші қыркүйек білім күніне орай мектеп директоры Балтабаева Динара Құттыбаевна « Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынға қатысып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушыларына "Әліппені" салтанатты түрде мектебіміздің бiлiктi де бiлiмдi, ұлағатты ұстаздары табыстады. Мектебiмiздің 2-11 сынып оқушыларына "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында слайд, бейнебаяндар көрсетілiп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!