29.09.2026
🛡️ *«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы* аясында Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 4–5 сынып оқушыларына *«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»* тақырыбында ақпараттық жадынамалар таратылды.
📚 Жадынама арқылы оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, мектеп ережелерін орындау және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жөнінде түсіндірме ақпарат берілді.
👫 Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және жағымсыз әрекеттерден сақтануға бағыт-бағдар беру.
✨ **Заңды білу – өз құқығыңды қорғау!
Тәртіпті сақтау – қауіпсіз болашаққа бастар жол!**
#АдалАзамат #МектепПарламенті #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #ҚұқықтықСауаттылық ҚауіпсізМектеп Тәрбие


