Текст
17.06.2026
17 маусым – Балдәурен лагеріндегі Шығармашылық күні 🌟 Бүгінгі күн дәстүрлі таңғы жаттығудан басталды. 🤸♂️🏃♀️☀️ Балалар сергіп, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа күнге қадам басты. Күннің басты тақырыбы – Шығармашылық күні болды. 🎨✨ Оқушылар өздерінің сүйікті суреттерін салып, қиялдары мен шеберліктерін көрсетті. 🖌️🌈 Сонымен қатар, лагерь ауласындағы жолдарға әдемі аппликациялар жасап, айналаны көркейте түсті. 🌸🎭 Балалар жақсы көретін әндерін орындап 🎤🎵, көңілді билер билеп 💃🕺, өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шаралар барысында әр бала белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды. 👏😊 Күн қызықты әсерлерге, көтеріңкі көңіл-күйге және жарқын сәттерге толы болды! ❤️🌟 #БалдәуренЛагері #ШығармашылықКүні #ЖазғыДемалыс ☀️🎨🎶

