12.06.2026
«Қош бол, Балдәурен!» 🌈
Бүгін мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы демалыс алаңқайының жабылу салтанаты өтті. Балалар үшін қызықты да әсерлі күндерге толы лагерлік кезең өз мәресіне жетті.
Демалыс алаңқайы барысында оқушылар түрлі спорттық жарыстарға, танымдық ойындарға, шығармашылық байқауларға қатысып, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді. Олар жаңа достар тауып, көптеген жақсы әсерлер мен жарқын естеліктерге ие болды.
Жабылу салтанатында балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, лагерь жұмысына үлес қосқан ұстаздар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді.
✨ Қымбатты балалар!
«Балдәуренмен» қоштасқанымызбен, жазғы демалыстың қызықты сәттері әлі алда. Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер және қауіпсіз демалыс тілейміз!
Қош бол, Балдәурен! Келесі кездескенше! 👋🌞🎈💐

