"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ел рәміздері – тәуелсіздік нышаны

03.06.2026

Ел рәміздері – тәуелсіздік нышаны» 🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Балдәурен» жазғы демалыс алаңында «Ел рәміздері – тәуелсіздік нышаны» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындап, мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы танымдық мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, оқушылар рәміздерге байланысты қызықты ойындар ойнап, сұрақ-жауап, танымдық тапсырмалар мен викториналарға белсене қатысты. Ойын барысында балалар өз білімдерін шыңдап, ұйымшылдық пен белсенділіктерін көрсетті. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің айбыны, елдігіміздің еңселі белгісі!

 

Просмотров: 285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст