"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалар күлкісі – әлем көркі»

01.06.2026

Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.Лагерьдің ашылу салтанатында балалар көтеріңкі көңіл күймен бас қосып, бір-бірімен жақынырақ танысты. «Танысайық!» тренингі достық қарым-қатынасты нығайтып, жылы атмосфера қалыптастырды.«Менің арманым» тақырыбында асфальтқа салынған түрлі-түсті суреттер балалардың қиялы мен шығармашылығын паш етті. Көңілді старт эстафетасы қатысушыларға сергектік сыйлап, ұйымшылдық пен белсенділікті арттырды.Сонымен қатар, балалар естелікке фотоаймақта суретке түсіп, «Достық білезігі» шеберлік сағатында өз қолдарымен әсем бұйымдар жасады. Би флешмобы мерекенің сәнін келтіріп, барша қатысушыға ерекше көңіл күй сыйлады. Іс-шара соңында ұйымдастырылған Popcorn Party балалардың қуанышын еселей түсті.✨ Балалар күлкісі мен шаттыққа толы бұл күн әр қатысушының жүрегінде жарқын естелік болып сақталары сөзсіз. Жазғы демалыстың алғашқы күні көтеріңкі көңіл күймен басталып, достық пен қуанышқа толы әсерлі сәттерге ұласты. 🌈🎈☀️

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст