Текст
19.05.2026
Мектебімізде далалық оқу жиындары басталып, оқушылар үшін маңызды тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылуда. Жиын барысында мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, түрлі төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Оқушылар жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету, таңғыш байлау және қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын меңгерді.Сонымен қатар, алғашқы әскери дайындық аясында оқушыларға АК-74 автоматын жинау және шашу тәртібі үйретілді. Бұл сабақтар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, шапшаңдық пен ұқыптылыққа баулиды. Далалық оқу жиындары жас ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастырып, әскери даярлыққа деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған.