Текст
Бүгін 18.05.26 күні 7 ә сынып оқушыларымен жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері тақырыбында түсіндіру сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға:
* су айдындарындағы қауіпсіздік;
* жолда жүру ережелері;
* өрт қауіпсіздігі;
* интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық;
* бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат берілді.
Оқушылар жаз мезгілінде өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсініп, қауіпсіздік ережелерін сақтау қағидаларымен танысты.
Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда! Барша оқушыларға көңілді әрі қауіпсіз демалыс тілейміз!


